Base Rate Held at 18% with 2% Corridor Amid Declining Inflation
Summary
The National Bank of Kazakhstan Monetary Policy Committee decided to maintain the base rate at 18% for April 2026, with the symmetric corridor remaining at +/- 2%. Annual inflation decreased to 11% in March from 11.7% in February, aligning with the forecast range, attributed to monetary policy, tenge exchange rate strengthening, and stable consumer demand. Pro-inflationary risks persist from high inflation expectations, tax reform effects, and geopolitical tensions affecting oil prices and external cost pressures.
“Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.”
About this source
GovPing monitors Kazakhstan National Bank for new banking & finance regulatory changes. Every update since tracking began is archived, classified, and available as free RSS or email alerts — 6 changes logged to date.
What changed
The National Bank of Kazakhstan held its base rate steady at 18% for April 2026, maintaining the symmetric corridor at +/- 2% around the base rate. The decision follows improved inflation dynamics, with annual inflation declining from 11.7% in February to 11% in March, reaching within the forecast range. Core and seasonally adjusted inflation also declined month-over-month. Pro-inflationary risks remain from elevated inflation expectations (household expectations rose to 14.6% in March), tax reform pass-through effects, and potential reversal of utility and fuel price adjustments. External risks include geopolitical tensions affecting oil markets, with Brent crude above $90 per barrel.
Affected parties include banks, financial institutions, and businesses with exposure to Kazakhstan's economy. The decision signals continued tight monetary conditions designed to anchor inflation expectations. Entities with borrowing or lending operations in Kazakhstan should account for the elevated rate environment when structuring financing arrangements. Consumer credit growth has already moderated, particularly in unsecured lending, reflecting the impact of prior policy tightening.
Scheduled event
- Date
- 2026-04-24
Archived snapshot
Apr 24, 2026GovPing captured this document from the original source. If the source has since changed or been removed, this is the text as it existed at that time.
Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі туралы ҚР ҰБ Төрағасы Т.М. Сүлейменовтің мәлімдемесі, 2026 жылғы 24 сәуір
24.04.2026
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
Құрметті журналистер!
Қайырлы күн.
Ұлттық Банкке қош келдіңіздер.
Ұлттық Банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.
Шешім инфляция динамикасын, оның факторларын және тәуекелдер балансын ескере отырып қабылданды.
Жылдық инфляция баяулап келеді. Инфляциялық қысымды төмендетуге ықпал еткен факторлар: Ұлттық Банк жүргізіп отырған ақша-кредит саясаты, теңге бағамының нығаюы, тұтынушылық сұраныстың тұрақтануы. Сонымен қатар коммуналдық қызметтер тарифінің төмендеуі, жанар-жағармай бағасына жарияланған сәуірге дейінгі мораторий және Үкіметтің инфляцияға қарсы басқа шаралары да оң ықпал етті.
Инфляциялық қысым сақталып отыр. Бұған инфляциялық күтулердің жоғары болуы, салық реформасының жанама әсері, коммуналдық тарифтер мен жанар-жағармай бағасының қайта өсуі, сондай-ақ фискалдық ынталандыру параметрлері ықпал етеді.
Қосымша тәуекелдер геосаяси шиеленістің күшеюі аясында мұнай бағасының құбылмалылығы және сыртқы баға фонының өзгеруі арқылы сыртқы ортада да қалыптасып отыр.
Осындай жағдайда инфляцияның тұрақты төмендеуін қалыптастыру үшін инфляцияға қарсы шараларды қабылдау, ақша-кредит саясатының біршама қатаң шарттарын сақтау қажет.
Қазіргі кезеңде базалық мөлшерлемені төмендетуге жеткілікті негіз әлі қалыптасқан жоқ. Баға реформаларын жаңарту кезінде инфляцияның болжамды траектория деңгейінде немесе одан төмен тұрақты баяулауы негіз болады. Ондай жағдайда Комитет алда болатын шешім қабылдау кезінде базалық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігін қарастырады.
Енді қабылданған шешімнің факторларына тоқталайын.
БІРІНШІ. ИНФЛЯЦИЯ МЕН ИНФЛЯЦИЯЛЫҚ КҮТУЛЕР ДИНАМИКАСЫ.
Биылғы наурызда жылдық инфляция ақпандағы 11,7%-ден 11%-ке дейін төмендеп, болжамды диапазонға сәйкес қалыптасты. Бұл ақша-кредит шарттарының және инфляцияға қарсы бiрлескен шаралардың әсерiнен болып отыр.
Тұтыну себетіне кіретін тауарлар мен қызметтер бағасының өсімі баяулап келеді. Ең айқын баяулау азық-түлік тауарлары мен қызмет көрсету секторында байқалды.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар инфляциясы да бағамның едәуір нығаюы, тұтынушылық кредиттеудің баяулауы және жалпы тұтынушылық сұраныстың тұрақтануы жағдайында ақпандағы 11,6%-тен 11,3%-ке дейін баяулады.
Инфляцияның жалпы көрсеткішімен бірге баға өсімінің тұрақты бөлігі де төмендей бастады. Базалық және маусымдық түзетілген инфляция ақпандағы 0,81%-тен 0,65%-ке және ақпандағы 0,87%-тен 0,52%-ке дейін төмендеді. Еске салатын болсам, осы көрсеткіштер бұған дейін инерциялы болып, жоғары деңгейде сақталды. Айлық инфляция да ақпандағы 1,1%-тен наурызда 0,6%-ке дейін төмендеді.
Дегенмен, бағаның жылдық өсуі әлі де қос таңбалы мәнді құрап, ортамерзімді нысанадан екі еседен жоғары қалыптасты. Бұл проинфляциялық факторлар әсерінің әлі бар екенін аңғартады.
Осындай факторлардың бірі – халықтың жоғары және құбылмалы инфляциялық күтулері. Наурызда олар ақпандағы 13,7%-тен 14,6%-ке дейін қайта өсті. Респонденттердің жартысынан көбі болашақ инфляцияның нақты деңгейін бағалауда әлі де қиналады. Халықтың ұзақмерзімді күтулері (5 жылға) ақпандағы 14,6%-тен 15%-ке дейін өсті. Ал кәсіби қатысушылардың 2026 жылға арналған инфляция болжамы өзгермей, 10% деңгейінде бағаланып отыр.
ЕКІНШІ. ІШКІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ҮРДІСТЕР.
2026 жылғы қаңтар-наурызда жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны жылдық есеппен 3%-ті құрады. Бұл көбіне мұнайға жатпайтын салалардың оң динамикасына негізделді.
Жалпы ішкі өнімнің динамикасына құрылыс, көлік, өңдеу өнеркәсібі және сауда көптеп үлес қосты.
Ішкі сұраныс біртіндеп теңгерімді деңгейге жақындап келеді. Оны бөлшек сауда мен қызметтерге сұраныс өсу қарқынының қалыпқа келуі растайды. Бөлшек сауда айналымы биыл қаңтар-наурызда 2,8%-ке өсті.
Бұл тұтынушылардың салық жүйесіндегі жаңа өзгерістерге бейімделгенін көрсетеді. Сонымен бірге, өткен жылы жоғары болған белсенділік кезеңінен кейін сұраныстың біртіндеп тұрақтанғанын аңғартады.
Тұтынушылық кредиттеуді реттеу шаралары да сұраныстың қалпына келуіне ықпал етеді. Мысалы, халықты кредиттеу ең алдымен кепілсіз тұтынушылық қарыздар сегментінде төмендеп отыр.
Инвестициялық белсенділік экономиканың өсуіне біршама үлес қосып, оң өсу қарқынын сақтап отыр. Қаңтар-наурызда негізгі капиталға инвестициялар 6,4%-ке өсті. Инвестициялардың өсуіне өңдеу өнеркәсібі, электр және газбен жабдықтау, ақпарат және байланыс, жылжымайтын мүлікпен операциялар саласы негізгі үлес қосты.
ҮШІНШІ. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОНЪЮНКТУРА.
Сыртқы сектор тарапынан инфляциялық қысым күшейіп келеді. Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуінен әлемде энергия, азық-түлік пен тыңайтқыш бағасы өсті.
Наурызда да әлем бойынша азық-түлік бағасы өсуін жалғастырды. Оған тауардың барлық түрлерінің бағасы, бірінші кезекте өсімдік майы мен еттің қымбаттауы ықпал етті. Тыңайтқыш бағасының өсуі астық түсімінің нашар алынуына, әлемдік нарықта ауыл шаруашылығы өнімдеріне ұсыныстың қысқаруына алып келуі ықтимал. Бұл әлемдегі азық-түлік бағасының одан әрі өсуіне әсер етуі мүмкін.
Негізгі сауда-экономикалық серіктесіміз Ресейде инфляция қосылған құн салығының өсуіне байланысты ол елде ақпан-наурызда 5,9% деңгейінде сақталып қалды. Ресей Федерациясының Орталық банкі негізгі мөлшерлемені біртіндеп төмендетіп отыр. Дегенмен сыртқы секторда және бюджет саясатында белгісіздіктің өсуі байқалады.
Еуроодақта инфляция ақпандағы 2,1%-тен наурызда 2,8%-ке дейін айтарлықтай өсті. Осыған байланысты Еуропа Орталық банкі мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды. Таяу Шығыстағы шиеленіс жағдайында инфляция мен экономикалық өсім үшін тәуекелдердің жоғары екенін белгіледі.
АҚШ-тағы баға ақпандағы 2,4%-тен наурызда 3,3%-ке дейін өсті. Оған себеп – ең алдымен энергияның қымбаттауы. Инфляцияға қарсы тәуекелдердің өсуінен Федералдық резерв жүйесі сақтық танытып, мөлшерлемелерді сақтау саясатын қолданады.
Мұнай нарығындағы жағдай құбылмалы күйінде қалып отыр. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 90 доллардан жоғары қалыптасты.
Құрметті журналистер!
Инфляция біртіндеп төмендегеніне қарамастан, әлі де қос таңбалы деңгейде қалыптасып отыр. Бұл инфляциялық қысымды және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін кешенді тәсілді жалғастыру қажеттілігін көрсетеді.
Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты сыртқы секторда бағаның өсу қаупі артқаны алаңдатып отыр.
Экономикадағы инфляциялық динамика үшін негізгі тәуекелдер осы тоқсаннан бастап баға мен тарифтік реттеу реформаларын қайта бастауға, «Бәйтеректің» ауқымды инвестициялық бағдарламасының параметрлеріне де байланысты.
«Бәйтерек» бағдарламасы аясында Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп келісілген квазифискалдық ынталандыруды пайдалану тәсілдерін қалыптастырып отыр. Бұл экономикалық өсуід қамтамасыз ете отырып, оның инфляцияға әсерін барынша төмендетуге бағытталған. Негізгі тәсілдер мынадай:
- қолдауды жоғары мультипликативті әсері бар ірі стратегиялық жобалардың шектеулі санына шоғырландыру: қолданыстағы банктік өтімділікті, соның ішінде синдикатталған несиелеу арқылы, барынша тарту;
- айналым капиталын қаржыландыруды шектеп, инвестициялық жобаларға, яғни экономикадағы ұсыныстарды кеңейтуге баса назар аудару;
- нақты іріктеу критерийін қамтамасыз ету және жобаларға басымдық берудің ашық болуы;
- өз тарапымызға қабылданатын міндеттемелерді ескере отырып, «Бәйтерек» тобының қаржылық тұрақтылығына мониторингті күшейту.
Ұлттық Банк, өз тарапынан, проценттік саясаттан басқа, артық өтімділікті ретке келтіру үшін қосымша құралдарды қолданады. Олар: ең төмен резервтік талаптар мен «айналау» операциялары.
Тұтынушылық кредиттеу секторына жеке тоқталғым келеді. Өздеріңіз де білесіздер, былтыр және оған дейін де ол маңызды проинфляциялық фактор болды. Бұған дейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп қабылдаған реттеу шаралары нәтиже бере бастады. Биылғы наурыздағы жағдай бойынша, тұтынушылық мақсаттарға берілетін кепілсіз кредиттерді беру көлемінің соңғы 12 айдағы жинақталған өсімі жылдық мәнде 1,7%-ға дейін баяулады.
Бұл біздің күткенімізге сәйкес және кредиттік портфельдің неғұрлым теңгерімді құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Екінші деңгейлі банктер тарапынан бизнеске кредит беру тұрақты түрде өсіп келеді. 2026 жылғы қаңтар–наурызда банктердің бизнеске берген жаңа қарыз көлемі жылдық мәнде 20,6%-ға артты.
Қазіргі уақытта банктердің бизнеске кредит беруі бөлшек кредиттеуден көбейіп келеді. Бұл – нақты сектордың кредит алуды жалғастырып отырғанын және қаржы реттеушілерінің саясаты өз нәтижесін бере бастағанын көрсететін маңызды белгі.
Қолданыстағы немесе жаңа макропруденциялық құралдарды енгізу, соның ішінде қарыздың табысқа қатынасы коэффициентін (ҚТК) іске қосу мәселелері кредиттеу динамикасы, тәуекелдер деңгейі мен өзге де факторлар ескеріле отырып, жан-жақты зерделеу негізінде қабылданады.
Үкіметтің маңызды міндеті – бюджеттік консолидация параметрлерін қатаң сақтау, квазифискалдық шаралардың тиімділігін қамтамасыз ету және бақылау, сондай-ақ коммуналдық тарифтер мен жанар-жағармай бағасына қатысты саясатты іске асыру.
Инфляциялық күтулерге бөлек тоқталғым келеді. Өздеріңіз білетіндей, олар маңызды. Өйткені халық пен бизнестің мінез-құлқына әсер етіп, нақты инфляция деңгейін қалыптастырады.
Реттелетін бағалардың өзгеруі дәл қазіргі уақытта халықтың инфляциялық күтулеріне айтарлықтай әсер етеді. Инфляциялық күтулердің үштен бір бөлігі, наурызда 32,9% үлес, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер мен жанар-жағармай саласындағы реформаларға тиесілі. Бұл осы факторларға халықтың жоғары сезімталдығын ескерсек – заңды құбылыс.
Осыған байланысты, халық үшін де, бизнестің инвестициялық шешімдері үшін де баға реформаларының мерзімі мен іске асыру параметрлері бойынша нақты шектелгені маңызды.
Біздің бағалауымызша, реформа аясындағы тарифтердің өсуі инфляцияға плюс бірнеше пайыз деңгейінде белгіленуі керек. Ал, оның жалпы инфляцияға әсері айтарлықтай шектелуге тиіс. Белгісіздікті азайту үшін реформа параметрлері бизнес пен халыққа жеткізілуі керек. Бұл болжамдылықты арттырады, тиісті инвестициялық, экономикалық шешімдер қабылдауға көмектеседі және күту арнасы арқылы қосымша инфляциялық қысымды болдырмайды.
Осы бағытта келісіп жұмыс істеу үшін Үкіметпен бірге инфляцияны төмендету бойынша іс-қимыл алгоритмін белсенді түрде пысықтап жатырмыз. Бұл бастама 2026 – 2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және әл-ауқатты арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары аясында қарастырылып отыр.
Комитет инфляцияның төмендеу динамикасын, ішкі сұранысты және орындалатын шаралардың тиімділігін мұқият қадағалайды. Бизнестің салық өзгерістеріне одан әрі бейімделуіне де мониторинг жүргізу талап етіледі.
Дезинфляциялық үдеріс бұдан әрі нығайтуды талап етеді: инфляцияның құрамдас бөліктері мен инфляциялық күтулер жоғары күйінде қалып отыр, ал тәуекелдер балансы проинфляция жағына қарай ығысты. Ішкі және сыртқы факторларының баға өсуіне сақталып отырған ықпалы шешім қабылдауда теңгерімді әрі сақтыққа негізделген тәсілді қажет етеді.
Инфляция тұрақты төмендеген кезде және алдағы отырыстарда күтпеген өзгерістер болмаған жағдайда базалық мөлшерлемені біртіндеп төмендету мүмкіндігі қарастырылады.
Біздің орта мерзімдегі мақсатымыз – инфляцияны 5%-ке дейін төмендету. Баға өсімінің төмен әрі болжамды деңгейін қамтамасыз ету – орнықты экономикалық дамудың, жаңа инвестициялық циклдің және ең бастысы, халықтың әл-ауқатының негізгі шарты саналады.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл инфляцияны бір мәнді диапазонға қайтаруға басымдық беріледі. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін барлық қажетті шаралар қолданылады.
ҚР ҰБ Төрағасы Т.М. Сүлейменовтің мәлімдемесі 515.71 Кб Жарияланған күні:
24.04.2026
)
Related changes
Get daily alerts for Kazakhstan National Bank
Daily digest delivered to your inbox.
Free. Unsubscribe anytime.
About this page
Every important government, regulator, and court update from around the world. One place. Real-time. Free. Our mission
Source document text, dates, docket IDs, and authority are extracted directly from NBK.
The summary, classification, recommended actions, deadlines, and penalty information are AI-generated from the original text and may contain errors. Always verify against the source document.
Classification
Who this affects
Taxonomy
Browse Categories
Get alerts for this source
We'll email you when Kazakhstan National Bank publishes new changes.
Subscribed!
Optional. Filters your digest to exactly the updates that matter to you.